На нашем ресурсе вы можете полностью погрузиться в мир книги «ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ» — читайте её онлайн бесплатно в полной, несокращённой версии. Если предпочитаете слушать — воспользуйтесь аудиоформатом; хотите сохранить — скачайте через торрент в fb2. Жанр произведения — Зарубежная литература, Зарубежная поэзия. Также на странице доступно подробное описание, авторская аннотация, краткое содержание и живые отзывы читателей. Мы постоянно пополняем библиотеку и улучшаем сервис, чтобы создавать лучшее пространство для всех ценителей качественной литературы.
ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ

Автор
Дата выхода
26 февраля 2017
📚 Читайте "ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ" онлайн — полный текст книги доступен бесплатно
Перед вами — полная электронная версия книги "ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ", адаптированная для комфортного онлайн-чтения. Мы разбили произведение на страницы для удобной навигации, а умная система запоминает, на какой странице вы остановились — можно закрыть браузер и вернуться к чтению позже, не тратя время на поиски. Персонализируйте процесс: меняйте шрифты, размер текста и фон под свои предпочтения. Погружайтесь в мир литературы где угодно и когда угодно — любимые книги теперь всегда под рукой.
Текст книги
У?ЗІМ У?ҢГІМЕСІ
Абай Құнанбайұлы
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ
ƏЗІМ ƏҢГІМЕСІ
ƏЗІМ ƏҢГІМЕСІ
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ
(1845–1904)
Бір сөзім Мың бір түннен оқып жүрген,
Өлең қып сол сөзімді айтқым келген.
Болыпты ағайынды екі жігіт,
Бағдатта Мұстапа мен Сапа деген.
Екеуі жетім еді əкесі өлген,
Талаптан жетеміз деп, бос жүрмеген.
Тігінші, кестеші еді кіші інісі,
Мұстапа суретшілік ғылым білген.
Екеуі екі айырылмақ қамын жеген,
Бір шетке кетпек болып жұрт көрмеген.
Мал тапқаны бір іздеп таппақ болып,
Серт қылып, бір-біріне уəде берген.
Екеуін екі жаққа тағдыр бөлген
Жандар емес қатерден əсте именген.
Шын, Машынға[1 - Шын, Машын – Шығыс мемлекеттерінің аттары. Шин – Қытай, Мачин – Тай елі.] Сапасы кете тұрсын,
Мұстапа Балсураға[2 - Балсура – қаланың аты.] бұрын келген.
Мұстапа – бойдақ, кедей біраз тұрған,
Кəсібін күннен-күнге Тəңірі оңғарған.
Аздан соң қатын алып, үй салғызып,
Шаһарда сенімдінің бірі болған.
Пұл құрап, киім түзеп, қарны тойған,
Қағазға өрнек жасап, сурет ойған.
Құдайым кешіктірмей бір ұл беріп,
Молдалар оның атын Əзім қойған.
Бір жасап, екі жасап, Əзім өсті,
Сонан соң медресеге барып түсті.
Аз жылда жақсы ғылым нəсіп етіп,
Жас жігіт жүзі нұрлы, көңлі масты.
Оқудан шыға ұстады ата өнерін,
Асырды атасынан əрбір жерін.
Сол күнде ажал жетіп, Мұстапа өліп,
Жыртық-жетім болмады ол жас өрім.











